Текст
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Мариновка орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары балалар суреттерінің көрмесіне қатысты.Менің Қазақстаным-ең қымбат, маңызды сүйікті ел. Бұл -менің Отаным.Біздің барлығымызды, әр түрлі ұлт өкілдерін ортақ нәрсе біріктіреді: Біз-Қазақстан халқымыз.Қазақ жері жомарт, қазақ халқының мінезі де жомарт және қонақжай. Осы жердің үстінде домбыра үні, украин және неміс әндері шырқалсын. Адамдар полька мен лезгинканы билей берсін. Қазақстан халқы бір. Бұл ежелгі, әсем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.Ал бейбітшілік -болашақ өркендеудің маңызды шарты. Өз суреттерінде төменгі сынып оқушылары туған өлкенің, астананың сұлулығын, елдің символикасын көрсетті.