2020 жыл 12 наурыз күні Мариновка орта мектебінде Тұран университетінің өкілдері мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Университет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша гуманитарлық-экономикалық бейіндегі мамандарды дайындайтын жетекші астаналық Мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады.
11 сынып оқушылары үшін әңгіме өткізіліп, онда түлектер оқу орнының тарихымен, оқуға түсу шарттарымен және астаналық ЖОО-ның студенті болу шарттарымен танысты. Сонымен қатар, олардың әрқайсысы "Тұран" университеті туралы толық ақпаратты қамтитын буклет алды.
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы толық көлемде жүргізіледі: сынып сағаттары, әңгімелесулер, түлектермен және әр түрлі жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдерімен кездесулер өткізіледі.