Текст
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары сынып оқушыларына www.itest.kz ұлттық онлайн білім беру ресурсын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға тиімді дайындалуда ауыл мен қаладағы мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету.
Білім беру гранттарынан бөлек, байқау барысында үздік қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады!
Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен, бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), серіктес – Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (МУИТ) және электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің желісі Alser.kz компаниясының демеушілігімен өтуде.
ҚАТЫСУ ТОЛЫҒЫМЕН ТЕГІН!
Толығырақ www.itest.kz сайтынан білуге болады.