Текст
15 наурызда "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қорының "QH Жаздық жолдама - 2024" қайырымдылық жобасы аясында, сондай-ақ Наурызды мерекелеудің "Қайырымдылық" күні аясында Маринов ауылдық округінің әкімі Мухамедьянов Ерлан Карибаевич "Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры Шинжанов Баржаксы Казихановичке салтанатты түрде жазғы демалыс кезеңде балалардың демалуы үшін "Қазақстан халқына" ҚҚ сертификатын табыс етті. Мектеп әкімшілігі мектептің төрт оқушысына жазғы лагерьде демалуға мүмкіндік бергені үшін "Қазақстан халқына" ҚҚ-на шын жүректен алғысын білдіреді.