05.02.2024
Мариновка ауылының №1 орта мектебінің көсбасшылары , еріктілері «Темекіні кәмпитке айырбастаймыз» атты жастар акциясын өткізді. Бұл жұмыс жасөспірімдер мен ересектер арасында жаман әдеттердің алдын алуға бағытталған. Ауылымыздың көшелерінде темекіні тастап, кәмпитке айырбастап үлкендер де акцияға белсене қатысты! Адамдар зиянды әдеттердің денсаулыққа өте қауіпті екенін түсінуі керек.