05.02.2024
Мариновка ауылының No1 орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында полиция майоры Умурзаков Қ.Е. әңгіме өткізді.
Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, көшеде өзін-өзі ұстау ережелері, темекі шегудің, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу, электронды темекі және кәмелетке толмағандардың алкогольді ішімдіктерді қабылдағаны үшін жауапкершілігі, сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздік ережелері.
Білім алушылар үшін әңгіме тек қана тәрбиелік мәні бар емес, сонымен қатар өте пайдалы болды.