Текст
Бірінші жартыжылдықтың соңында 4-сыныптың ата-аналары үшін ата-аналар жиналысы өткізілді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы, МОДО-ға дайындық бойынша түсіндірме әңгіме талқыланды, аталған мәселелер бойынша мектеп директоры Б.К. Шинжанов және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. Х. Калмагамбетова, сынып жетекшісі Г. Д. Мушманова сөз сөйледі. Жиналыс соңында мұғалім ата-аналармен "Мектеп+ата-ана+ балалар"қарым-қатынасы бойынша тренинг өткізді. Барлық ата-аналар жақсы көңіл-күймен және жағымды эмоциялармен кетті.