Текст
Еңбек сіңірген қызметкерлерді кәсіподақ желісі бойынша білім беру жүйесіндегі адал еңбегі үшін атап өту дәстүрге айналған. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Атбасар қаласының №4 ЖББМ базасында білім беру қызметкерлерін құрметтеу салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушыларды білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина жылы қарсы алды. Барлық педагог қызметкерлер облыстық және аудандық кәсіподақ грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапатталғандардың арасында - "Мариновка ауылының №1 ЖББМ" КММ аспазшысы Соловьева Ю.Г. да бар.
Еңбек адамдарына шығармашылық табыстар тілейміз!