21.11.2023
Оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қараусыздықтың алдын алу мақсатында Мариновка ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің фойесінде "Жасөспірім және Заң"ақпараттық стенд орналастырылды.
Стенд материалдары жасөспірімдерге "заң", "теріс қылық", "құқық бұзушылық", "қылмыс"сияқты ұғымдарды түсіндіреді. Күнделікті өмірде білуге және қолдануға болатын негізгі ережелер, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері қысқаша сипатталған.
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында мектеп фойесінде "Қауіпсіз интернет", "Интернет желісіндегі қауіпсіздік", "Балаларға арналған қауіпсіз интернеттің 5 ережесі" және т. б. профилактикалық және әлеуметтік бейнероликтерді қарау ұйымдастырылды.