10.11.2023
Мариновка N1 мектебінің 3- сыныбында қазақ тілінен "Менің күн тәртібім тақырыбында" ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақта "Өрмекшінің өрмегі", "Стоп кадр", "Балық қаңқасы" т.б сабақтың мақсатына сай келетін стратегияларды қолдана отырып; тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастыру бағытында жұмыс жасады. Мұғалімнің ізденіс жұмыстарының арқасында сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар жақсы білімдерін көрсетті.
# біртұтас_тәрбие