08.11.2023
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу аясында Мариновка ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында "Қазіргі әлемдегі құқық бұзушылық және жасөспірім"тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар "әрекет және "теріс қылық" сөздерінің мағынасын түсіндірді, құқықтары мен міндеттерін еске түсірді, құқық бұзушылық пен жауапкершілік түрлері туралы сөз сөйледі.
Іс-шара соңында біз қорытындыға келдік: әркім өз сөздері мен әрекеттері үшін құқықтарды, міндеттерді сақтап, жауапкершілікті өз мойнына алуы керек.