10.10.2023 ж. 4 және 9 сыныптарда МОДО бойынша кіру тестілеуі өтті.
4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Оқу сауаттылығы - 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық - 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану сауаттылығы - 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының нысаны: бір дұрыс жауапты таңдаумен.
Тесттің орындалу уақыты-75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл-30.
9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, Орыс тілі, ағылшын тілі) әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география) әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының нысаны: бір дұрыс жауапты таңдаумен. Тестті орындау уақыты-150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл-75.