31.05.2023
"Отбасы және мектеп-ынтымақтастық қорытындысы"
2023 жылғы 30 мамырда Мариновка ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте "Отбасы және мектеп – ынтымақтастық қорытындысы" жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде 5 сұрақ тұрды:
1. "2022-2023 оқу жылының қорытындысы" – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалмағанбетова Л.Х ата-аналарды бүкіл оқу жылындағы оқушылардың үлгерімінің қорытындыларымен таныстырды.
2. "Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу" - учаскелік Қадырбек Н. жазғы кезеңде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алу туралы, өзен су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы ақпарат берді.
3. "Қауіпсіз жаз" - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Холод И.П. жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізді.
4. "Қорытынды аттестаттау" - директордың оқу жөніндегі орынбасары Қалмаганбетова Л. ата-аналарға алдағы 9-11 сыныптардағы емтихандар туралы айтып берді.
5. "Жазғы демалысты ұйымдастыру" - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Холод И.П. ата-аналарды мектеп жанындағы алаңдардың жұмыс кестесімен таныстырды.
Жиналыс соңында мектеп директоры Шинжанов Б.К.сөз сөйлеп, бүкіл оқу жылының жұмысын қорытындылады.