02.05.2023
"Достық дөңгелек биі" фестивалі
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мариновка ауылындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып жетекшілері "Достық дөңгелек биі"фестивалін өткізді. Балалар еліміздің аумағында қандай ұлттардың өмір сүретінін білді, түрлі ұлттардың тарихымен, фольклорымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты. Іс-шара әртүрлі ұлт өкілдеріне төзімділікке тәрбиелеу, азаматтық-патриоттық тәрбие шеңберінде ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында өтті.