Текст
14.12.2022 жылы шағын орталықтың тәрбиешісі Хадуян Ж. "Геометриялық фигуралар еліне саяхат" тақырыбында сабақ өткізді
Сабақтың мақсаты: балалардың геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту.
Мұғалім дидактикалық ойындарды қолданды, физикалық минут өткізді, оқушылар зерттеушілер болды және сабақтың барлық кезеңдеріне ынталы қатысты, мұғалімнің сұрақтарына ықыласпен жауап берді. Сабақтың нәтижесі рефлексиямен аяқталды, онда оқушылар нақты дұрыс жауаптар берді, осыған сүйене отырып, сабақта қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізілді.