Әр мектептің қуанышы – ол жылсайын бірінші сыныпқа оқушылар қабылдау.Оқып шыққан үш ай аралығында балалар мектеп тәртібімен танысып үйрене бастады. Енді оларды нағыз
«Оқушылар» десе де болады. 16 қараша күні 1 «Б» сынып оқушылары мектебіміздің мәжіліс залына жиналып, «Бірінші сыныпқа қабылдау рәсімі» мерекесінің басталуын асыға күтуде.Мерекенің басында жүргізушілер көрермендермен, ата-аналармен сәлемдесіп, оқушыларды құрметпен қарсы алды.
Содан кейін бірінші сынып оқушылары тақпақ айтып, би билеп, частушкалар орындады. Ертегі кейіпкерлері-Буратино мен Мальвина қонаққа келген болатын.Олар неше түрлі қызықты сұрақтар қойып, балалармен ойын ойнады, сергіту сәтін өткізді, жұмбақтар жасырды. Кейіпкерлер өз тілектерін білдіріп, мектеп тәртібі туралы,
сыныптастармен өзін қалай ұстау керек екендігін түсіндіріп, портфель заттарын қалай жинау керетігін көрсетіп берді.
«Жалқаулық» пен «Зарарлы ауру» деген қонақтарда келіп,өз керісінше сұрақтарын , тапсырмаларын оқушыларға тапсырды. Балалар лайықты түрде жауап бере алды.
Бірінші сыныпқа барғандарды олардың бұрыңғы тәрбиешісі Дубовик Е.И.құттықтап тілек айтты, ата-аналар да әкелген сыйлықтарын тарта отырып, жылы лебіздерін білдірді.
Оқушылар сынып уәделерін беріп, «Бірінші сынып оқушысы» деген куәлігін алды.Содан соң көңілді дәстүр бойынша әр бала бет келбетіне бормен сурет салды.
Мереке «Теперь мы первоклашки» атты әнімен аяқталды.
Бұл мереке балаларда көңіл мен алаңдаушылық тудырды, сондықтан олар осы іс-шараға жоғары белсенділікпен қатысты.Болашақ мектеп өмірінде осы бүлдіршіндерде бәрі де жақсы болады деген үміттеміз. Баршаңызға алғысымды білдіремін.