«Ұяда не
көрсең, ұшқандасоныілесің. Отбасындағыадамбойындағыасылқасиеттержарқырайкөрініпқалыптасады.
Отанғадегеныстықсезім, жақындарына, туған –
туысқандарынадегенсүйіспеншіліктенбасталады.»
Н.Ә.Назарбаев
Осы бір сөз мына мен үшін өмірімдегі ең биік,еңәдеми асқарым. Сұрағанда ақылшым,сүрінгенде сүйенішім,қамқоршым ол әкем.Бар байлығым анам мен әкем,мен олармен мақтан етем.
Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың
қамқоршысы, ел ағасы. Өміргекелгенбаланыңәрбірсәттіқадамыәкеүшінүлкенмәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыздемек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.
Мұсылманның ең маңызды міндеттері бар екен. Соның бірі Алла болса, екіншісі әке мен ана екен.Әкеге арналған
әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама.Ақын ағаларымыз да шығарма беттеріне де әке мен ананы қосып,тіпті әнші апаларымызда әке туралы әнді жырлап жүр.Сол секілді бүгін менім де, кеудем «Әке» деп жырламақ.
Жер бетіндегі әр бала алғаш қолына қаламы алып, алғаш туындыларының ең алғашын аке мен анаға арнаса нұр
үстіне –нұр болар еді.
Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. Әкеге құрмет,
қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулап отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбекқорлығының бала тәрбиесіне ықпалы көп.Үш баланың асқар тауы бола білген әкеміз.Әкеме қарап бойтүзеп келе жатқан інім биыл мектеп бітіріп,елінің жанашыры ақ халатты абзал жан атанбақ.
Менің әкемнің аты –Асылхан Әбеуұлы. Ол өте ақылды, білімді, дана және мейірімді. Ол көздеген мақсатына өз күшімен жеткен адам.
Бүгінде өзінің жеке кәсібі, бақытты отбасы, қыздары бар. Ол інілеріне - қамқор аға, қыздарына - мейірімді әке, жұбайына - адал жар, отбасының тірегі. Әкем әрқашан ой үстінде жүріп, ойы жаңа идеяларға толығып отырады. Ол тарихи фильмдер мен комедиялық фильмдерді ұнатады. Әкем кітапты да көп оқитын адам. Ол көбіне тарихи шығармаларды және өмірден алынған оқиғаларға негізделген шығармаларды оқығанды жақсы көреді. Әкем жан- жақты адам, ол барлығына үлгереді. Сүйіп оқитын шығармаларымен, фильмдерімен, жеке кәсібімен қатар сүйікті ісі де бар. Оның сүйікті ісі – балық аулау. Өз сүйікті ісіне асқан шыдамдылықпен, мейіріммен мені де үйретті. Қазір мен де балық аулай аламын. Мен әкемді – мақтан тұтамын. Ол кісі сияқты жан-жақты болғым келеді.
Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиетдепсанағын,
депәрбірәкебаласынаөсиетқалдыратыныанық.
Әке- мына өмірдің сәні.Жас ұрпақ әкелерін сыйлап өтсе,бақытты пенденің бірі
болмақ.Өйткені әке бала үшін жанын бермек,баланын да әке үшін шығар жаны бөлек
болуы керек.
Әкем-біреу, анамда біреу менің,
Жүрегімнің қақ ортыасы осы менің
Олар барда мен ешкімнен
қорықпаймын,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім.