28.07.2022
2022 жылдың 28 шілдесінде бастауыш сыныптар үшін ағылшын тіліндегі лингвистикалық мектеп өтті. Оқушылар ағылшын тілінде оқу әдістемесін дамытты, сөз бен сөз тіркестерін транскрипция арқылы оқыды, дауысты және дауыссыз дыбыстардың тіркесіміндегі өзгерістерді қайталады. Жеке және топпен жұмыс жасады.