Есеп
"Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
2021 жылға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша.
"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді, оның ішінде:
-Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау– 17 (көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде )
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау-3 ЭҮП (Электрондық үкімет порталы )
– Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау-33. Оның ішінде ЭҮП арқылы (электрондық үкімет порталы-23, қағаз түрінде-10.
– Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-1 (Мемлекеттік Корпорация )
– Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау-16. (қағаз түрінде)
-Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау-0.