02.02.2022
2022 жылдың 1 ақпанында Мариновка ауылындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігінің ашылуы өтті.
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі оқу пәні арқылы адамгершілік-рухани тәрбиені қалыптастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» – баға жетпес рухани қазынаға ие бірегей пән, онымен таныстыру әрбір адамды рухани-адамгершілікке, бақытты да қуанышқа, мейірімді де дана етуге мүмкіндік береді.