Текст
2021 жылдың 24 желтоқсанында республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары марапатталды.Марапатталғандар қатарында біздің 3-Б сынып оқушысы Ахматзин Рамис те болды. Байқау қорытындысы бойынша 2 орынға ие болды.Кішкентай зерттеушінің тақырыбы: «Кәдімгі батареяның қоршаған ортаға әсері» - экология. Жоба жетекшісі сынып жетекшісі Мушманова Гүлшай Даулетқызы болды. Рамиске қол жеткізген жетістіктерге қанағаттанбай, ғылымның биік белестерін бағындыра беруіне шын жүректен тілектеспіз.Табыс, шығармашылық жеңістер тілейміз!