2021 жылдың 15 желтоқсанында Мариновка ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің дебат клубының отырысы өтті. Дебат клубының жетекшісі. тарих және география пәнінің мұғалімі М.С. Қалмағанбетов отырысқа қатысушыларға "ҚР Тәуелсіздік жолдары"тақырыбы бойынша дебаттық турнир өткізуді ұсынды.
Отырыс ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Құрамына 9 және 11 сынып оқушылары енген командалар желтоқсан оқиғасы туралы бейнені, "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жетістігі" тұсаукесерін тамашалады.
Спикерлердің сөйлеген сөздері ойын регламентіне сәйкес бір - бірін ұстана отырып, өз позицияларын сенімді қорғады, бірі –КСРО құрамындағы мемлекеттің дамуына қарағанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы жақсы екенін дәлелдеді, ал екіншісі оны жоққа шығарды.
Нәтижесінде, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы КСРО құрамындағы мемлекеттің дамуына қарағанда жақсы деп есептеген 11-сынып командасы сенімдірек болды, спикердің сөйлеген сөзі өз дәлелдерінде мемлекет тарихындағы сенімді фактілерді пайдаланды.