ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес оқушылар мектепке мектеп формасында баруы тиіс. Атбасар ауданының ата-аналар комитеті төрағаларының отырысында ауданымыздың мектеп оқушылары үшін бірыңғай фасоны мен формасының түсі туралы шешім қабылданды.Белгіленген киім нысанын сақтау туралы талап елдің мемлекеттік құрылымының тең құқығына жауап беретін зайырлы қағидатына сәйкес келеді.Мектепте балалар білім алады, олар кез-келген дінге жататындығын білдірмеуі керек, бұл тұрғыда талаптар бәріне бірдей. Заңнаманың көрсетілген нормалары барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері үшін бірыңғай болып табылады.Мектепте оқушылардың сыртқы келбеті бойынша рейдтер үнемі өткізіліп тұрады, комиссия құрамына директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, педагог - психолог және әлеуметтік педагог кіреді.