Текст
2021жылғы 1қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей ұлттық халық санағы басталды.Тәуелсіздік алғаннан бері халық санағы үшінші рет өткізіліп келеді.Оған елдің азаматтығы бар кез келген адам қатыса алады.Ол үшін сауалнамадан өту керек.
Биыл алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылуда. 1қыркүйектен 15 қазанға дейін халық санағы онлайн-режимде өткізіледі.
Атбасар ауданының Мариновка ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің педагогтары мен қызметкерлері сайтқа тіркелді sanaq.gov.kz және 100% халық санағынан өтті.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Мариновка ауылының тұрғындарына онлайн режимде Интернет желісі арқылы тіркеуге көмек көрсетеді.