05.05.2026
Саптық және ән байқауы".
04 мамырда Отан қорғаушылар Күнін, Жеңіс Күнін мерекелеу аясында 7-11 сынып оқушылары қатысқан "Мариновка ауылының №1 ЖББМ" саптық және ән байқауының мектеп кезеңі өтті.
Әр сынып әнмен сапта өту қабілеттерін көрсетті, саптық командаларды орындау шеберлігін көрсетті, жасақ командирлері - нақты командалар беру және өз сыныбын байқауда жеңіске жетелеу қабілетін көрсетті.
Шақырылған Ауған соғысының ардагерлері Ф. Мекебаев, К. Жангужинов және К. Баржаксимов балалардың өнерлерін жоғары бағалады. 7-9 сынып оқушылары арасында 3 орынды 9А сынып, 2 орынды 8 сынып, 1 орынды 9б сыныбы лайықты алды. 10-11 сыныптар арасында 10 сынып қатты күресте 2 орын алды. Ал 1 орынға 11 сынып ие болды. Байқауда номинациялар да болды. Әнді үздік орындағаны үшін 9Б сыныбы, үздік саптық қадам 11 сыныбы, Үздік командир номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Даутфест Надежда марапатталды.
#adal_azamat
#medetbekovameruert
#aqmola_oblysy_birtutas_tarbie