Текст
21.04.2026
Мектепке дейінгі білім беру аптадығы аясында ортаңғы топтың тәрбиешісі Хадуян Жансая
«Шебер қолдар — әсем әлем» тақырыбында ашық оқу қызметін өткізді ✨
👧🧒 Балалар қызығушылықпен шығармашылық тапсырмаларды орындап, түрлі материалдармен жұмыс жасап, қиялдары мен белсенділіктерін көрсетті.
🌿 Оқу қызметі барысында балалардың ұсақ моторикасы, қиялы және шығармашылық қабілеттері дамыды.
🤖 Ерекше қызығушылық тудырған сәт — жасанды интеллектті қолдану болды. Балалардың жасаған жұмыстары «жанданып», қозғалып, оларға зор қуаныш пен әсер сыйлады ✨
💡 Оқу қызметі жылы, достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа әсерлер сыйлады.