06.04.2026
«Жүрек қалауымен: жерлес мұрасымен танысу»
6-сынып оқушылары Мәдениет үйінің кітапханасында өткен «Жүрек қалауымен» атты жерлес жазушыны еске алу кешіне қатысты. Іс-шара жазушы-журналист Л. Е. Седельниковтың туғанына 100 жыл толуына арналды. Кешті кітапханашы Омурзакова Алтын Каликовна мен Фоменко Светлана Николаевна ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқушыларға Л. Е. Седельниковтың өмірі мен шығармашылық жолы, әдебиет пен журналистикаға қосқан үлесі туралы айтылды. Оқушылар оның шығармаларымен танысып, кітаптарын қызығушылықпен қарап, тіпті кейбірі кітап беттерінен өздерінің ата-әжелерінің фотосуреттерін тауып, ерекше әсер алды.
Сондай-ақ жазушының өмірі мен қызметі туралы шағын, бірақ мазмұнды әрі қызықты фильм көрсетілді.
Кеш жылы атмосферада өтіп, танымдық әрі қызықты болды. Оқушылар жаңа мәліметтер алып, жарқын әсерге бөленді.