19.03.2026
"Қауіпсіз көктемгі демалыс".
2026 жылғы 18 наурызда сағат 15:00-де ата-аналар қауымымен қауіпсіз көктемгі демалысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған тікелей эфир өтті. Кездесу ата-аналарға 2026 жылдың 19-29 наурызы аралығында каникул өткізу туралы хабарлауға, сондай-ақ ересектердің кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің назары мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.
Өткізілген тікелей эфир ата — аналар, педагогтар және мемлекеттік қызмет өкілдері арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды, барлық қатысушыларды балалар үшін қауіпсіз және пайдалы көктемгі демалысты қамтамасыз етудің басты мақсаты төңірегінде біріктірді.