Текст
06.01.2026
Демалыс уақытында "Мариновка ауылындағы №1ЖББМ" КММ-де оқушыларға арналған танымдық іс-шара өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі Е. В. Запорожская "Ұлт коды"атты интеллектуалды ойын өткізді.
Ойын оқушылардың Қазақстанның тарихы, мәдениеті және ұлттық құндылықтары туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Заманауи цифрлық платформа мен QR коды арқылы қатысушылар тапсырмаларды орындады, сұрақтарға жауап берді және интерактивті түрде өз елдері туралы көбірек білді.