Текст
27.12.2025
26 желтоқсанда "Атбасар қ.N8 ЖББМ" КММ базасында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған Атбасар ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Балалар үшін театрландырылған қойылым ұйымдастырылды, оған балалар белсенді қатысты. Балалар би биледі, ән айтты. Біздің мектептен жаңа жылдық ертеңгілікке 4 сынып оқушылары Даутфест Денис және Даутфест Роман қатысты.
Балаларға бәрі өте ұнады. Мереке соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.О. Қуатбековке және Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушинаға жаңа жылдық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.