Бүгін, 22.11.2024ж. “Мариновка ауылы №1 ЖОББМ” КММ жоспар бойынша тарих пәнінің мұғалімі, Мухара Қадырхан 8 “А”-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізді. “Қазақстанның ұлттық автономиялары” тақырыбында өткізген ашық сабақта қазіргі заманауи технологияларды тиімді қолданып, жаңаша әдіс-тәсілдермен тапсырмалар орындатты. Мұғалім өткен сабақты пысықтау мақсатында «құпия сұрақ” әдісін қолданып, оқушыларға үй жұмысын талдатты. Сабақ барысында инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалып, D-DI жасанды интеллект арқылы жасалған видео бейне, Әлихан Бөкейханов пен Мұхаммеджан Тынышбаевты сөйлету арқылы тұлғалармен сұхбат өткізілді. Сабақ КАХУТ ойыны арқылы қорытындыланды. Сонымен қатар, «Білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс берілсе, «Домбыра» әдісі мен “Білім бәйгесі” әдістері арқылы оқушылар түгел бағаланды.
Мұғалімге кері байланыс беріліп, сабағы өте жоғары деңгейде деп бағаланды